«Отырар TV» телеарнасының эфиріндегі «Ерекше жандар» бағдарламасына – 1 жыл

714

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды.» «Отырар TV» телеарнасының тікелей эфирінен шығатын «Ерекше жандар» бағдарламасына – бір жыл.

Хабардың ерекшелігі сол – ондағы кейіпкерлер де, жүргізушілер де – мүмкіндігі шектеулі жандар. Жетістігін насихаттап, кемшін түсткен тұстарын жауапты мамандарға естіртуге бағытталған бағдарламаны тізгіндегендер халықаралық зағиптар күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырып, бір жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

40-тан аса кейіпкер, 40 түрлі тағдыр, 40 ерекше жан. Олар түрлі болғанымен, бір арнаға тоғыстыратын дүние бар. Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да қоғамда түрлі салада жетістікке жетуде, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде. Алайда тіршілік қамытын киген қарпайым халық байқамайтын, мән бермейтін, әлі де шешемін таппай келе жатқан мәселелері жоқ емес.

"Отырар TV" телеарнасының эфиріндегі "Ерекше жандар" бағдарламасына - 1 жыл

Ермек пен Мадина бала кезден тележүргізуші болуды армандапты. Ал зағип болу ол мақсатқа жетуге кедергі бола алмады. «Отырар TV» телеарнасына ұсыныс жасап, телеарна басшылығынан қолдау тапты. Яғни олар жаңалықты жар салып немесе жетістіктерді насихаттап, болмаса орын алып жатқан проблемаларды, жауапты мамандарға жеткізе алмай жүрген мәселелерді көгілдір экран арқылы айту мүмікіндігіне ие болды. Аталған мәселелер бағдарламаның 1 жылдығына орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында айтылды.

"Отырар" телеарнасының эфиріндегі "Ерекше жандар" бағдарламасына - 1 жыл

Әр дүйсенбі сайын таңғы сағат 10:30-да тікелей эфирде шығатын «Ерекше жандар» бағдарламасына кез келген мүмкіндігі шектеулі жан кейіпкер бола алады. Эфир барысында ннво такси, баспана жайы, шипажайға жолдама, жәрдемақы, яғни сан-салалы мәселелер де қозғалады. Сондай-ақ тамашалап отырған көрермен байланыс телефоны арқылы сұрақтарын жолдай алады. Сондықтан ашылғанына 1 жыл болған бағдарламаның берері көп. Лайым, ғұмыры ұзақ болғай.

Махаббат Әбдешова