Ақ халатты абзал жандар марапатталды

761
Ат халатты абзал жандар марапатталды

Ақ халаттылар алғысқа бөленді. Шымкентте денсаулық сақтау саласы өкілдері марапатталып, жүзден аса маманға түрлі мадақтама тапсырылды. Денсаулық сақшылары биылғы жетістіктерін саралап, алдағы жылы атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Салтанатты шарада 150-ге жуық дәрігер мен орта буын мамандарға ерекше ілтипат көрсетілді. Бірі саланың үздігі танылып, енді бірінің облысқа сіңірген еңбегі еленді.

Сый-құрметке бөленгендердің бірі – Созақ ауданының дәрігері Бүркіт Арынбеков. Осы салада 50 жылдық тәжірибесі бар білікті хирург аудандық аурухана жұмыс істейді. Білген-түйгені мол маман бүгінде медицина саласының қарқынды дамып келе жатқанын айтады. Басқасын айтпағанда жергілікті ақ халаттылардың трансплантациялық операцияларды сәтті іске асыруы отандық хирургияның ең үлкен жетістігі дейді.

Ат халатты абзал жандар марапатталды

Сала басшысы жалпы биылдың өңір медицинасы үшін жемісті болғанын айтады. Ақ халаттылардың жүйелі жұмысының нәтижесінде осыған дейін ана мен бала өлімі көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап келген облыс биыл 9 орғыға түсті. Бұл саладағылар үшін айтарлық көрсеткіш.

Ат халатты абзал жандар марапатталды

Жыл санап халық саны көбейіп келе жатқан күнгей жерінде емхана мен перзентхана жетіспеушілігін де оңтайлы шешіліп келеді. Соңғы 5 жылда медицина саласы бойынша құрылыс қарқыны бәсеңдеп, өңірде перзентхана мен емхана жетіспеушілігі байқалған еді. Бұл түйіткіл де биыл шешілді дейді сала басшысы.

Мақпал Рысбаева