«Кәсіподақ – оппозиция емес»

335

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғани Қарабеков.

– Бүгінгі кәсіподақ жұмысы туралы айтып өтсеңіз…

– Бүгінде кәісподақта Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 220 мыңнан астам мүшеміз бар. Ал еліміз бойынша 2 миллионнан аса мүше тіркелген.

– Кез-келген Қазақстан азаматы Еңбек кодексіне сай неге құқылы, неге қол жеткізуге мүмкіндігі бар?

– Кәсіподақ десе біреулер оппозиция деп ойлайды. Оппозиция емеспіз, әлеуметтік әріптеспіз. Осы жылдан бастап Еңбек кодексі өз міндетін бастады. Ең үлкен ұйым болғаннан кейін Еңбек кодексіне 200 дей ұсыныс берген болатынбыз. Соның 127 -сі қабылданды. Жұмысшылардың құқығын қорғау туралы ұсыныстар болатын. Бұл үлкен жетістік. Өзіміздің мақсатымыз – жұмысшының жағдайын жасау, жұмысшының өз құқықтарын қорғауға жәрдемдесу. Біз адвокат алып, сотқа бара аламыз. Сұрақтарын, проблемаларын шеше аламыз. Қаншама шағымдардың 97 пайызын кәсіподақ шешіп отыр. Жекеменшік кәсіпорын иелері кәсіподақ ашқысы келмейді. Кәсіподаққа дұрыс көзқарас жоқ. Қоғамда жүргеннен кейін заң бәріне бірдей. Жұмысшылардың сауатын көтеру керек. Олар өз құқықтарын білуі керек. Әр мекеменің өз келісімшарты болуы керек. Жұмысшылар инициатр болуы керек. Басшы келісмшартқа қол қоймаймын десе Еңбек кодексі бойынша оған айыппұл салынады. Бірінші рет болса 200 АЕК, екіншісінде 400 АЕК айыппұл салынады. Ал оған көнбесе қылмыстық жауапкершілкке тартылады. Осыны жұмыскерлер білуі керек. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мекемелердің 41 пайызының келісімшарты бар. Еңбек инспекциясында тіркеледі. 13 500 мекеме бар облыс бойынша. Соның 5 мыңының ғана келісімшарты бар. Кәсіподақ ең бірінші келісімшартқа қараймыз.

– Еңбек келісім-шарты түзіледі, соның нәтижесі қандай болады?

– Еңбек келісі-мшарты түзілгенде жұмыскерлер келісетінін, келіспейтінін айтуы керек. Кәсіпкерлер ақшасы көбейсе, баласына джип әпереді, ал жұмыскерлеріне жағдай жасамайды. Ал оларда кәсіподақ болса мәселені шешіп отырар еді.