Otyrar.kz порталының YouTube каналында міндетті медициналық сақтандыру туралы пікірталас өтуде. Онлайн-пікірталас «Баршаға арналған медицина» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл — //otyrar.kz порталы мен медициналық сақтандыру қорының біріккен жобасы.
Тікелей эфирде Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, 2018 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу мәселесі талқылануда.