Шымкентте түрлі сала үздіктері марапатталды

402
Шымкентте түрлі сала үздіктері марапатталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шымкентте қаланың дамуына үлес қосқан жандардың еңбегі еленді. Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында өткен салтанатты мерекеге қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, спорт, білім, әлеуметтік және қоғамдық саладағы үздіктерге төсбелгі тақты, алғыс хатпен марапаттады.

– Биыл тәуелсіздігімізді жариялағанымызға 26 жыл толды. Бұл еліміздің қасиетті мерекесі, асыл қазынасы, – деп шаһар басшысы қалалықтарды мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді. – Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ірі экономикалық-әлеуметтік жетістіктерге жетті. Соның ішінде Шымкент қаласы үшін де жемісті болды. Осы жылдары облыс орталығы танымастай өзгерді. Заманауи тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік-мәдени нысандардың саны артып келеді. Қаланың бас жоспарына бағытталған мол инвестиция игеріліп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Әрқайсыңыз әр салада қызмет ете жүріп, қаланың дамуына үлес қосып келесіздер.

Шымкентте түрлі сала үздіктері марапатталды

Сонымен, мерекелік шарада «Шымкент қаласына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұлов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ермек Дәрменов, Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханов, Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев марапатталды.

Шымкентте түрлі сала үздіктері марапатталды

 

Халықтар достығы университетінің маманы Сұлушаш Әбішова, зейнеткер Шәкір Әшірбаев, Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Ұлжан Исабаева қала әкімінің алғыс хатына ие болды. Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Асхан Майлыбаеваға да табысталды.

Салтанатты мерекеде өнер иелері патриоттық ән шырқап, концерттік бағдарламас ұсынды.