Түркістандағы жаңа су қоймасынан 350 гектар суарылады

501
Түркістандағы жаңа су қоймасынан 350 гектар суарылады

Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауыл округінде жаңа Қарашық шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Оған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың және ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістандағы жаңа су қоймасынан 350 гектар суарылады

Су қоймасында жалпы қоры 2 млн шаршы метр су сақтауға болады. Қойма енді 350 гектар аумақты суаруға тікелей септігін тигізеді. Аймақ басшысы болашақта өңірде мұндай су қоймалары көбейетінін айтты.

– Облыста келешекте 30-ға жуық су қоймасының құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап, суармалы жерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктің көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін беріледі, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Түркістандағы жаңа су қоймасынан 350 гектар суарылады

Айта кетерлігі, Қарашық шағын су қоймасын «СМК Ж-7» ЖШС салған. Құрылысқа 471,4 млн теңге жұмсалыпты. Бүгінде су қоймасы ел игіліне беріліп отыр. Алдағы уақытта Үшқайық ауыл округінде жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілетін болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі