Úı Jańalyqtar Төлеби ауданында суармалы жерлердің көлемі ұлғаюда

Төлеби ауданында суармалы жерлердің көлемі ұлғаюда

суармалы жер ұлғаяды

Төлеби ауданына қарасты Кемеқалған ауылдық округінде Қарақуыс және Ақбастау су қоймаларын салу үшін аудандық бюджеттен жобалық-сметалық құжаты әзірленген.

Құны 2 млн теңгеден асады. Қарақуыс су тоғаны 13 га жерде орналасады, сиымдылығы 400-500 мың текше метр.

Ақбастау су тоғаны 13 гектар жерді алады. Сыйымдылығы 500-600 мың текше метр. Жалпы, 2 тоған іске қосылған жағдайда 350 га жер суармалы жерге ұлғайып, Абай елдімекені үй іргелік жерлері  ағын сумен қамтылады дейді аудан әкіміндегілер.

Шынар Оразова