Мәдени астана жылына дайындық қызу

417
Оңтүстіктің шығыс қақпасында жаңа стела ашылды

Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық басталып кетті. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіру, мәдени нысандар салу, абаттандыру және шаһарды жаңа үлгіде дамыту жайы сөз болды. Жиынға қала әкімі Н.Сауранбаев пен әкім орынбасарлары және жауапты сала басқармалаларының басшылары қатысты.

Шымкент қаласының осындай мәртебеге ие болуы баршамыз үшін үлкен жауапкершілік екенін айтқан аймақ басшысы бұл шараны жоғары деңгейде өткізу үшін дайындықты бүгіннен бастауды тапсырды. Қала шырайын кіргізетін «Шымкент — Сити» жобасы жүзеге асса, қала орталығынан Арбат көшесі ұйымдастырылмақ. Ал, Шымкенттегі ескі қала орнының аумағында археологиялық ашық аспан астындағы музей құрылмақ. Мұнан бөлек, «Шатқал» бағдарламасы бойынша егілген көшеттер 2020 жылға дейін жайқалған жасыл желекке айналатын болады.

Нұрлан Күдерұлы