Пән олимпиадасының жеңімпаздары республикалық сайысқа қатысады

937

Оңтүстіктің намысын бүгінгі олимпиаданың жеңімпаздары қорғайды. Қазір қаладағы екі мектепте республикалық пән олимпиадасына іріктеудің үшінші кезеңі басталды. Аудан-ауылдардан жиналған 9-11 сынып оқушылары 15 пән бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Пән олимпиадасына қатысушыларды екі бағытқа бөлген. Гуманитарлық-қоғамдық пәндер бағытындағы білім сайысы үш тілде оқытатын №1 мектеп интернатында өтеді. Барлығы 537 оқушы жарысқа түседі. Ашылу салтанатында бәрінің де жүзінен қобалжу байқалады. Сондықтан да білім басқармасының өкілдері олардың толқыныстарын басуға ден қойды.

Дегенмен қатысушылар арасында бұған дейін талай додаға қатысып, тісқаққан шәкірттер де бар. Ал жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден қатысушылар №1 қазақ-түрік ер балалар лицейіне жиналды. Осындағы барлығы 562 оқушыға бірінші кезеңде теориялық тапсырмалардан сайысқа түседі. Екінші күнінде практикалық тапсырмаларды орындайды.

Олимпиада ертеңге дейін жалғасады. Алтыншы қаңтар күні кешкісін әр бағыт бойынша екі білім ордасында жеңімпаздар марапатталып, жабылу салтанаты өтеді.

Жәнібек Нұрыш