Шымкентте жалғыз басты ана он екі жылдан бері перзентінің туған қызы екенінін дәлелдей алмай жүр

497

Шымкентте жалғыз басты ана он екі жылдан бері перзентінің туған қызы екенінін дәлелдей алмай жүр. Айтуынша тоғыз ай бойы құрсағында жатқан сәбиі перзентханада өзгенің тегіне тіркеліп, жат обасының қызы болып бір-ақ шыққан. Ең сорақысы жеткіншек ата-тегінен айырылып қана қойған жоқ, айдың күннің аманында оқу білімнен, медициналық бар көмектен қағылып отыр.

Он бір жастағы Альбина өзге балалар сынды мектепке барып, білім алғысы келеді. Бірақ, жеткіншектің бұл арманы алыс сияқты. Мектепте білім алу үшін ең алдымен туу туралы куәліктен бастап өзге де ресми құжаттар қажет. Алайда, мұның ешбірі де қолында жоқ. Он екі жыл бойы Альбинаның анасы құжаттта кеткен қатеге байланысты өз перзентін туғаны екенін дәлелдей алмай келеді.

Ділбар Мірсаидова, жалғыз басты ана: «2005 жылы Қазақстанға келдім. 2006 жылы Нұралы деген жігітпен танысым, араласып жүрдім. Кейін жүкті екенімді білдім. Ай күнім жетіп, жалдамалы пәтердің ішінде баламды босанып алдым. Босанып болған соң, есімнен танып қалдым. Ары қарай есімде жоқ. Кейін мені №2 перзентханаға апарыпты. Жан сақтау бөлімінде бір апта ес түссіз жаттым. Есімді жиған соң, баламды сұрасам «Туу туралы актіні» құжатында баламның аты жөні, тегі басқа адамның атында тіркелгендігін көріп, шошып кеттім. Кейін перзентханадағыларға бұл жерде қате жазылған десем, сен басқа елден келдің тыныш отыр деп мені қуып шықты. Содан бері бармаған жерім қалмады. Сотқа бердім. Олар АХАТ бөлімінде тіркелген аты-жөні, тегі бар. Өзгертіп бере алмаймыз деп шешім шығарды. Қызым оқымайды, медициналық көмек алмайды».

Жалғыз басты ананың арызы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне хабарластық. Салаға жауаптылар бір тәуліктің ішінде азаматшаның арызы бойынша жауап беретіндігін мәлімдеді.