Тонаушы өз «құрбанын» ғаламтор арқылы тапқан

355

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, онда қала көшелерінің бірінде белгісіз тұлға кәмелет жасқа толмаған баласының ұялы сымтетігін алып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191 «Тонау» бабымен СДБТБ-не тіркелген.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті 1992 ж.т. облыс орталығының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің 15 тонау жайтына қатысы бары анықталды. Полицейлердің анықтағаны күдікті құрбандарын әлеуметтік желіде ұялы сымтетігін сатуға қойған жарнамасы арқылы тапқан. Кездесуде сатуға қойған тауарын көремін деген сылтаумен, жәбірленушілердің ұялы сымтетігін алып белгісіз бағытта жасырынған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 800 мың теңгені құрап отыр.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар тәркіленді. Күдікті қамауда.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы