Жүктемеден көп жолаушы… қалта ұрлығына сеп

354

Жүгенсіз кетіп, қалалықтардың сынының астында қалған қоғамдық көлік компанияларын тәртіпке шақыру шаралары жалғасып жатыр. Жасағын жұмыстарына минус бір деген баға алған жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары бөлімі көлікшілермен кезекті рет кездесті.

Жиынға келген жол полиция қызметкерлері жолаушыларды артығымен алып, тиын табуды көздегендерді қатал жазалайтындығын жеткізді. Жыл басынан бері 73 жүргізушіге әкімшілік шара көрілген. Айтуларынша, газелдердегі жолаушы санының артық болуы қалта ұрлығын көбейтіпті. Бұдан былайғы жерде өз міндетіне немқұрайлы қарайтын көлік компанияларымен келісімшарт бұзылатындығын ашық айтты.

Нұрлан Күдерұлы