Қала аумағында 5950 абонент сапалы электр желісіне қосылады

460

Шымкентте 2017 жылы 4310 отбасы баспаналы болды. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 402 мың шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 36 пайызға өскен. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың халыққа берген есебінде айтылды.

Жалпы алғанда мегаполистің дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту аясында әкімдік тарапынан біршама жұмыс атқарылыпты. «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 көпқабатты үйге жаңарту және жөндеу жұмыстары, 7 үйге сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді.

Демеушілердің есебінен 33 көп қабатты ғимараттың қасбеті жөнделді. Шымкентте жеке трансформаторлар мәселесі шешіледі. Қала аумағында 5950 абонент сапалы электр желісіне қосылады. 2018 жылы 6 шағынауданда, нақты айтқанда Самал-1, Тассай, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қайтпас-1 және Нұртас шағынаудандарына электр желісін тарту жоспарлануда.

Нұрлан Күдерұлы