Úı Sport Бас бапкер Мырзағали Айтжанов шымкенттік оқушылармен кездесті

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов шымкенттік оқушылармен кездесті

Басқосуға бапкер өзімен бірге шәкірттерін де ертіп келді. Олар Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев  және Еркебұлан Шыналиев.

Қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясында өткен кездесуде спорт шебері тәжірибесі туралы әңгімелеп, алға қойған мақсатымен бөлісті. Сондай-ақ, жас боксшылардың дайындығын тексеріп, оларға жаттығу өткізді.

Мұндай кездесулер балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырары даусыз. Солардың бірі — Абзал Серік. Ол жақында Екібастұзда өткен жасөспірімдер арасындағы Казақстан чемпионатында 54 кг салмағында 1 орын алған. Жасы енді 14-ке толған спортшы ақпаннаң 10-нан бастап тыңғылықты дайындыққа көшеді, ал наурыздың 5-і күні Венгрияға жол тартады. Абзалдың ендігі мақсаты — ұлттық құрама сапына іліну.

Сарбиназ Алдабергенова