Есірткі затын сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды

430

ОҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы 2017 жылы 346 қылмысты ашып, 194 күдіктіні қолға түсірген. Тәртіп сақшылары есірткі сақтау орны мен есірткі өсімдіктерін өсірумен айналысатын 89 егіс алқабын анықтаған.

Нәтижесінде 5 тонна есірткі айналымнан алынған, оның ішінде 7,5 келі героин бар. ОҚО соттарына полицейлер 200-ден астам күдіктілерге қатысты іс жолдаған.

Мәселен, ОҚО ІІД қызметкерлері күдікті екеу мінген көлікті тоқтатқан. 1969 және 1970 жылы туған күдіктілер ОҚО тұрғындары болып шықты. Сот-криминалистік сараптама нәтижесінде 7,5 келі шығатын героин анықталған. Қазіргі таңда ұсталғандар 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.