Кеден аумағындағы қылмысқа қатысы бар 33 тұлға қамауға алынды (видео)

826

Кеден аумағында өткізілген арнайы операция барысы белгілі болды. Операция барысында контрабандамен айналысқан 35 күдікті анықталған. Олардың арасында кеден мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері де құрықталды. Соттың санкциясымен отыз үш тұлға қамауға алынды. Арнайы операция алдында ұзақ жете тексеру жүргізілді. Атап айтқанда, Қазақстанға контрабандалық тауар Қытайдан тікелей әкелінген. Сондай-ақ, Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілеудің көлеңкелі сызбасымен жалған құжаттарды және төмендетілген мөлшер қолдана отырып әкелінген. Тауарлар Ресей Федерациясына және Қазақстанның ірі қалаларына жіберіліп отырған.

«8 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Кедендік бақылаудан заттарды өткізу үшін кеден қызметкерлері пара алып отырған. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот санкциясы негізінде 76 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде үлкен сомада қаражат, зергерлік бұйымдар, жалған құжаттар анықталған»- деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Айта кетейік, кеден аумағында өткізілген арнайы операция Алматы, ОҚО және Жамбыл облысында өткізілген.