Үнді жәрмеңкесі табиғи таза өнімдер ұсынады

552
Үнді шәйі

Жұпар аңқыған иіссулар, ашық түсті киім – кешек, орамалдар, ұлттық музыка және өзгелерге ұқсамайтын би. Әйелдер еріксіз қызығатын мұндай орынның қайда екенін білгіңіз келе ме? Сапфир, маржан, оникс тастары да осында.

Көрмеге келгендердің ешбірі мың бұралған бишілердің қимылына қарап, тамсанбай өтпейді. Үндістанның бір бөлшегі секілді бұл орынға бір кіріп шығуды шымкенттіктер әдетке айналдырғаны рас. Сиқырға толы қимылдар мен еріксіз қызықтырар заттарды дәстүрге айналған көрме-жәрмеңкеден көре аласыз. Қалалықтар мен облыс тұрғындары үшін бұл көрме Әл фараби сауда үйінің орталығында ашылды.

Қолмен кестеленген үндінің нағыз шәйі, жібек орамалдарын тағып көріп, иығына жамылып тамашалағандар аз емес. Олай етпеу мүмкін емес! Кашимир палантиндер, жаздық жеңіл көйлектер, туникалар мен белдемшелер, және үндінің дәстүрлі ашық түсті сарилері – қыз-келіншектер үшін мұнда таңдау кең!

Үндінің зергер-шеберлері де шымкенттіктерге өз сыйын ала келген. Сырғалар мен сақиналар, бағалы тастармен көмкерілген білезік пен алқаның түр-түрін де осы көрмеден табасыз.

Ұйымдастырушылар жағы да аянып қалмаған – көрме-жәрмеңкеге елуге жуық компаниялардың мыңнан астам тауарлары әкелінген. Ең бастысы – тауарларды тауар өндірушілердің өздері тікелей жеткізген және табиғи таза өнімдер.

Шәй сапасын түсінетіндер үшін де мұнда керемет өнімдер бар! Шөліңді қандыратын шәйдің сан алуан түрі тиімді бағамен ұсынылады. Ал таза ағаштан жасалған жихаз түрлері тіпті, тамаша! Негізі Үндістанды контрасттар елі деп атауы тегін емес! Қайбір елдің өзіндік бренді мен өзіне ғана тән заттары болады. Үндістанды аузымызға алғанда шәй мен мата түрлерін елестетеміз. Ол шынында да солай! Көрме-жәрмеңкеде бірегей заттар мен қызықты экспозициялар өте көп. Қыз-келіншектер мұнда келсе, өзін қуантары сөзсіз. Сондықтан, Әл-фараби сауда үйіне асығыңыз!

Зәуре Оралбаева