Әуе шарларының фестивалі өтпек

1163

Мерекеге толы наурыз айында Шымкентте елден ерек керемет фестиваль өткелі отыр. Аспанға ұшып, әуеде қалықтауды ұнататындар үшін тосын сый күтіп тұр.

24 наурызда Шымкенттегі атшабар маңында тұңғыш рет халықаралық «Ashyq Aspan» әуе шарларының фестивалі өтеді. Іс шара бағдарламасында монгольфьерлердің шеруі ұйымдастырылады.

Оған елімізден, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген спортшылар қатысады. Бұдан бөлек әуе шарымен аспанда қалықтауды армандайтындар үшін қызмет көрсетілмек. Қонақтар түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, түрлі тосын сыйларларға ие болмақ.

Аэронавигация шеберлерінің үйрету сабақтарынан әуе шарларымен ұшудың қыр сырын үйренуге болады. Фестиваль аясында флешмоб ұйымдастырылмақ. «Түнгі оттардың шеруі» атты естен кетпес кешке ұласады. Кеш соңында MOLDANAZAR тобы өнер көрсетпек.