«АТФ банк» алғаш рет серіктестердің аймақтық форумын ұйымдастыруда

708

Шымкентте алғаш рет серіктестердің аймақтық форумы өтіп жатыр. Бұл шара Тараз, Қызылорда өңірлерінен келген 150 бизнес өкілінің басын қосты. Олардың барлығы да «АТФ Банкінің» серіктестері болып табылады.

Жергілікті кәсіпкерлер мен Тараз, Қызылорда өңірлерінен келген бизнес өкілдері бүгін Шымқалада бас қосты. Олардың барлығы да «АТФ Банкімен» тұрақты жұмыс істейтін әріптестер.

Онда қаржылық институттың отандық бизнесті қолдау мақсатында қолға алып отырған жұмыстары талқыланды. Тараз қаласынан келген кәсіпкер достарының кеңесімен әріптестікті тап осы банкпен жасауға бел буғанын айтады. Бүгінде табыстан табысқа жеткен кейіпкеріміз бұл шешіміме өкінбеймін дейді.

Оның бұл пікірін банктің өзге де клиенттері қолдап отыр. Айтуларынша «АТФ Банктен» рәсімделетін несие шарттары қолайлы әрі ыңғайлы. Айта кетейік, былтыр банк шағын және орта бизнесті несиелендіруде көшбасшылардың қатарынан табылған. Бұл ретте қаржылық ұйымның үлесі 3 есе артқан. Биыл да осы қарқын сақталады дейді банк өкілдері. Айтуларынша орта және шағын бизнес өкілдерімен әріптестік орнатуда жаңа мүмкіндіктер қарастырылуда.

Басқосуда шағын және орта бизнесті несиелендіруде «АТФ банктің» тиімді тұстары жан-жақты талқыға салынды. Бұл форум қаржылық институт бағдарламасындағы ауқымды шаралардан саналады. АТФ банк бір жыл ішінде 4 аймақтық алаңда серіктестерінің басын қосады. Жыл соңында Алматыда өтетін қорытынды жиынға еліміздің беделді бизнесмендері қатысады деп күтілуде. Бұл әріптестік желіге банктің әлеуетті клиенттері тартылатын болады.