Егін егуге әлі ертерек…

493

Наурыздың алғашқы онкүндігі жаңбырлы болды. Нәтижесінде, ағаштар бүршік жарып, жерде көк пайда болды. Алайда, ауа райын болжаушылар «дәнді дақылдарды егуге ертерек. Оны наурыздың үшінші он күндігінен бастаған жөн», – деп кеңес береді.

Жұлдызшылардың болжамынша, суық күндер наурызда да болады. «Сондықтан шаруалар тұқым сеуіп, шығындалмас үшін ауа райының тұрақтағанын күткені абзал. 14,15,16 17-шы наурызда ауа райы күрт өзгереді.. », – дейді жұлдызшы, ауа-райын болжаушы жерлесіміз Нұрғабыл Қозыбаев.

Шынар Оразова