Этнопедагогика колледжінің студенттері наурызды тойлады

704

ОҚО тарихи-мәдени-этнографиялық орталыққа қарасты Нұртас Оңдасынов атындағы музейде, Ұлыстың ұлы күніне орай , «Наурыз -ырыс пен береке бастауы» атты тақырыптаТүркістан этнопедагогикалық колледжінің студенттерінің қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылып, наурыз көже таратылды.

Студент жастарымызға Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау туралы толық мағлұмат беріп, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы туралы мағлұматқа қанықты.

 

 

Этнопедагогикалық колледжінің директоры Серім Айғаным Абанқызы мерекелік кешті ашып,  наурыз мейрамымен құттықтады. Кеш барысында ән айтылып, би билеп, сахналық көрініс көрсетіп,студент жастар өз өнерлерін ортаға салды.

Келген қонақтар, студенттер мерекелік дастарханда жайылған тағамдардан, наурыз көжеден дәм татты.