“Лидер оптика» салоны ашылды

609

Қаланың қақ ортасында «Лидер оптика» салоны ашылды. Мұнда қолжетімді баға. Кәсіби білікті мамандарға көзіңізді тексертіп, кеңес аласыз. Және көзілдіріктердің сан алуан түрі мен көз әйнектері, аксессуарлардың кең таңдауы ұсынылған.

«Лидер оптика» – Күн сәулесінен қорғайтын және оптикалық көзілдіріктердің кең таңдауын ұсынады. Талғамыңызға сай әрі сәнді брендтердің тауарларын да таба аласыз. Көзіңіздің көру қабілетін тексеретін замануи құралдармен жабдықталған » Лидер оптика» салонында кәсіби мамандар шоғырланған.

Камшат Нұралиева, офтальмолог- кеңесші : «Құрметті шымкенттіктер және қала тұрғындары. Шымкенттің орталығында сіздерге арналған «Лидер оптика» салоны ашылды. Мұнда көзілдіріктің жақтауы, әлемдік брендердің көзілдіріктері сатылады».

Алғашқы келушілерді тәжірибелі кеңесшілер қарсы алуда. Кәсіби білікті мамандар көзілдіріктер, қажетті аксессуарлар мен көзілдіріктің жақтауын, линзаларды таңдауға көмектеседі. Сіздің талғамыңызға тиісті үлгіні ұсынады.

«Лидер оптика» салонында тек сапалы көзілдірік және оның жақтауын сатып алып қана қоймай, көзіңіздің көру қабілетін тексертіп алуға да мүмкіндік бар. Мамандар жаңа жабдықта көзіңіздегі ақауларды бірден анықтап береді. Офтальмологтар “емдеуден гөрі алдын алуға мән берген жөн, көздің диагностикасын жарты жылда бір мәрте өткен дұрыс» деп санайды.

Офтальмолог дәрігерлер «Клиенттеріміздің көру қабілетін заманауи жабдықтарда тексереміз. Бізде авторефрактометрдың көмегімен ең кішкентай келушілеріміздің көз жанарын тексереміз. Тонометр арқылы көздің қысымы бар, жоғын анықтап береміз. Бізде бар жабдықтарды Шымкентте кездестірмейсіз. Олардың көмегі арқылы тексеру 5-10 минутты алады” , – дейді.

“Лидер оптика» салонының ашылуына орай, көз диагностикасына 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Және көзілдірік, оның жақтауын сатып алған тұрғындар мен қала қонақтарына акциялар мен түрлі жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек түйіскен линзаларды сатып алған әрбір клиент теңізге жолдаманы ұтып алуға мүмкіндік туып тұр.
Мекенжайы: Түркістан көшесі,146/4, «Қазақтелеком» АҚ жанында

Шынар Оразова