Наурыз мерекесі жүйріктерге миллион теңге сыйлады

899

Наурыз мерекесі орталық атшабардағы ұлттық спорт жарысына ұласты. Мұнда жиналған көпшілік көкпар, бәйге, қыз қуу ойындарын тамашалады. Айта кету керек, биылғы сайыстың ерекшелігі – алғаш рет тай жарысы мен қысқа қашықтықтағы ат жарысы өтті.

Сондай-ақ, қонақтар жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, тазы-төбет жарысы, қошқар көтеру сынды сайыстарды тамашалады. Ұлттық ойындар да назардан тыс қалмай, ұмыт бола бастаған шөген ойыны алғаш рет көрсетіліп, көпшілікті тамсандырды.
Бұл күні атшабарға адам көп жиналды.

Көпшіліктің делебесін қоздырған аламан бәйге болды. Бас жүлдені қала тұрғыны жеңіп алып, жеңіл көліктің кілтіне ие болды. Көкпарда топ жарып шыққан команда 1,5 млн. теңгені қанжығаларына байлады. Басқа да ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түскендердің барлығы да сый таралғыдан құралақан қалған жоқ. 200 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін қомақты жүлделерге ие болды.