ОҚО-да Азия чемпионы Ермек Қалымбетовтің бенефис-шоуы өтті

339

Оңтүстік Қазақстан облысында қоларба биінен Азия чемпионы Ермек Қалымбетовтың бенефис-шоуы өтті. Өнерлі жан «Өмірім мен өнеріме ғашықпын» атты кешінде көрерменге өзінің бірнеше әндерін тарту етті, деп хабарлайды inform.kz.

«Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған кездесу Облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтті. Кешті ақын, Халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек ашып, өнер иесіне деген лебізін білдірді. Жастарға үлгі болатын ерекше дарын иесінің өнегелі ісіне тоқталып өтті.