Шымкенттен Туниске саяхаттай аласыз

675

Қазақстанның Оңтүстігінен бірден Солтүстік Африкаға саяхаттауға мүмкіндік туды. Шымкенттен тікелей Туниске тартқыңыз келсе, «Selfie travel» саяхаттар операторына хабарласыңыз.

Бағасы қалтаңызды қақпайды, есесіне «барлығы қамтылған» демалысқа жолдама аласыз. Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда тұңғыш рет 31 — ші мамырдан бастап Шымкент әуежайынан Тунис еліне тікелей рейс ашылады. «Selfie travel» компаниясы Қазақстан мен Өзбекстанның турагенттерінің басын қосып, арнайы семинар өткізді.

Ақшаңқан аққұмды жағалау, тынысыңды ашар теңіз ауасы, жандүниеңе серпін берер демалыс, сервисі мықты қонақүйлер… Тунистегі осындай тамаша демалысты «Selfie travel» саяхаттар операторы ұсынады. Мұсылман елі Тунистің тағам мәзірі де қазақстандықтар үшін тартымды. Өйткені, теңіз өнімдерінен бөлек, негізгі асханасы сиыр мен қойдың етінен жасалады. Түркиядағыдай «allinclusive». Бірақ түрік жеріндегі демалыстан тунистегі демалыстың бағасы әлдеқайда арзанға түседі. Себебі, 3 немесе 4 жұлдызды қонақүйлері Түркияның бес жұлдыздысымен тең.

Виктория Ульянова, «Selfie travel» туроператорының директоры: «Қонақүйлерге таңдау көп. Жағалаудағы жоғары сервисті үш жұлдызды қонақүйдің өзі демалысыңызды жоғары деңгейде өтуіне сеп. Тунис француз елінің көп жыл колонияльді империясының құрамында болғанын ескерсек, мұндағы архитектура мен мәдениет, өркениет Еуропадан кем емес».

«Тунисте туристерге тартымды теңізден бөлек, үнемді шоппинг жасауға да болады. Кілемдер мен алтын, күміс бұйымдарын арзан бағада ала аласыз. Ал қауіпсіздік пен мықты сервис демалыстағы әрбір сәтіңізді естен кетпестей етіп өткізуге мүмкіндік береді»,-дейді Тунисте талай жылдан бері тұратын Ирина Боярская.

Ирина Боярская, Тунисте туроператорды қабылдайтын «BlueStar» компаниясының директоры: «Selfie travel» туроперторының Тунистегі серіктесіміз. Тунис қалтаға қонымды бағаға әдемі демалыс үшін таптырмайтын мүмкіндік. Қазақстандық клиенттердің көңілінен шығатын керемет жағдай жасалынған».

Туниске екі ересек адам үшін демалыстың бағасы 1200 АҚШ долларынан басталады. Бұл сомаға барлық қызмет кіреді. 31 мамырдан бастап «Selfie travel»» туроператоры «Sandyairlines» әуе компаниясымен бірлесіп, «Боинг 77» ұшағымен алғашқы әуе рейсін бастайды. Алты сағаттық жолда екі рет тамақ беріледі. Қалтаны қақпайтын керемет демалыстың мүмкіндігін сіз де жіберіп алмаңыз!

Мақпал Рысбаева