Түлектер ҰБТ-ны үш тілде тапсыра алады

561
ҰБТ

Мектеп түлектері Ұлттық біріңғай тестілеуді ағылшын тілінде де тапсыруға құқылы. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді.

“Түлек ағылшынша тапсыруға ниетті болса, тапсыра алады. Ешкімді мәжбүрлемейміз, әркім өзі қалаған тілде тапсыруға құқылы»,- деді министр. Ол тапсыру тілі өзгергенімен тапсырмалардың қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқалардан айырмашылығы болмайтынын да айтты. Еске салайық, биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарған болатын.

2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгерген жоқ, алайда, тапсырушыларға ыңғайлы болу үшін  аздаған өзгерістер енгізілді.