Заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады

650

Шымкент қаласында заңсыз салынған құрылыс нысандары ертелі-кеш сүрілетін болады. Олардың бірқатары жұма күні бұзыла бастады. Т. Рысқұлов көшесіндегі екі қабатты ғимараттардың күл талқаны шықты.

Сот орындаушылары мәжбүрлеп бұзған жекенің меншігіндегі қойма нысанын алып тастау туралы ОҚО экономикалық соты 2017 жылы наурыз айында шешім шығарған екен.

Сала мамандарының айтуынша, 2017 жылы дәл осындай талаптармен заңсыз тұрғызылған 13 нысан бұзылған және алдағы уақытта құрылыс нормаларына сай емес, қызыл сызықта орналасқан нысандарды сүру жұмыстары жалғасады .