Жедел жасақтың техникалары көрсетілді

309

Бүгін Шымкенттегі Наурыз алаңында қалалық шұғыл ден қою құрама отрядының техникалары көрсетілді. Бұл шара елімізде өтіп жатқан «Көктем» республикалық командалық-штабтық оку-жаттығу шарасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Онда 100 адам мен 40 шақты техника қатыстырылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылары мен жергілікті билік өкілдері техникалардың ақуалымен танысып шықты.

Оқыс жағдайлар кезінде мамандардың дайындығы да сыналды. Арнайы талаптарға сай, шұғыл әрекет ету қызметінің өкілдері 2 сағаттың ішінде өздері де дайын болып, тағы екі сағаттың ішінде облыстың кез-келген нүктесіне жетуі тиіс.