Жол апаты салдарынан көлік екіге бөлініп қалды

953

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан жас жігіт тіл тартпай кетті. Қайғылы жағдай 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні болған.

Қатты соққының салдарынан көлік өртеніп, жарамсыз металл болып қалды. Оқыс оқиға куәгерінің айтуынша, жол апаты кезінде көлік қатты жылдамдықпен келіп, жолдағы қоршауларды қиратқан.
Автокөлік екіге бөлініп, өрт лезде шарпыған. Көліктегі өртті сөндіргенмен, 1989 жылғы азаматтың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.