Тәртіп сақшысы елге есеп бермек

500

Елге есеп беру кезеңі тәртіп сақшыларына да жетті. Құқығы бұзылып, қандай да бір заң шеңберінде жауабын ала алмай жүргендер болса мархабат. 6 сәуір күні сағат 17:00-де Әл Фараби ауданы әкімдігінің ғимаратында (Тыныбаев көшесі, 49 үй, бұрынғы қалалық әкімдік) жергілікті полиция қызметінің басшысы есеп бермек. Қандай да бір сауалыңыз болса, қатысуыңызға болады.

Данияр Мейірхан бүгінде туралығымен, шыншылдығымен құрметке ие. Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы өзіндік ой пікірімен жұртты жиі таң қалдырып жүр. Жергілікті полиция басшысы ашықтығымен де ел алғысына бөленген. Көпшілік оны Дима деп атайды. «Тура биде туған жоқ…» – ты ту еткен тәртіп сақшысы бәрін де заң шеңберінде шешеді. Жас, іскер басшы атқарған жұмысы туралы елге есеп беріп, түйіні тарқатылуы тиіс мәселесі барлардың сұрағына жауап бермек.