Úı ANONS Туған анасын өлтірді

Туған анасын өлтірді

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азамат өз анасын өлтірді. Қанды қылмыс Түлкібас ауданында болған. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, күдіктіге церебралды сал ауруы, яғни ДЦП диагнозы қойылған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, шамамен 40 жастағы азамат туған анасын өз үйінде пышақтап өлтірген. Бұл қадамға не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Бүгінде болған жайтты облыстық полиция департаменті растады. Қазір Күдікті қамауға алынып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

«Түлкібас ауданы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағыттылған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады».

 ЛАУРА БАБАС