Мал басын бірдейлендіру жұмыстары басталды

1500
Төлеби ауданы әкімдігі

Көктем келісімен үй жануарларын бірдейлендіру жұмыстары басталды. Биыл Төлеби ауданының ауылдық округтеріне 19 980 дана ірі қара малға, 89 000 дана уақ малға, 1 000 дана шошқа малына, 3 дана түйеге құлақ жапсырмалары таратылып берілген.

Бүгінгі таңда 14934 бас ірі қара малға, 39688 бас уақ малға құлақ жапсырмаларын салу жұмыстары жүргізілді. Құлақ жапсырмалары салынған үй жануарларының – 10137 бас мүйізді ірі қара, 13718 бас уақ мал электронды порталға енгізілді. Сонымен қатар, биылғы жылға 7432 бас жылқыға ветеринариялық паспорт беру жоспарланып, қазіргі таңға 2532 жылқыға ветеринариялық паспорт берілді. Бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, малға сырға салу, таңбалау, чиптеу, малға ветеринарлық паспорт беру және малдың деректерін компьютерлік базаға енгізу жұмыстарының бірегей жүйесін – бірдейлендіру дейді.

Малдарды бірдейлендіру арқылы олардың нақты есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмек көрсету, уақытында жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, диагностикалық шаралар жүргізу жүзеге асырылады.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі