Қапланбек ауылының тұрғыны қонақтарына оқ жаудырды

855

Қапланбектің тұрғыны үйіндегі қонақтарға оқ жаудырды. Сарыағаш аудандық соты Қапланбек ауылының тұрғыны 1981 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабы 2 – ші бөлімімен қамауға алу туралы шешім шығарды.

23 мамыр күні Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылының тұрғыны үйіне екі жолдасын шақырып қонақ еткен. Сөйтіп үшеуі ішімдік ішіп бастаған. Масайып алған үй қожайыны қонақтарға кетіңдер дей бастайды. Араққа қызып алған қонақтарға бұл ұнамай қалады. Сөйтіп, қонақтар үй қожайынын сабап тастайды. Ашуға мінген үй иесі әкесінің қаруын ап қонақтарға оқ жаудырған.

Досының үйіне қонаққа келгеннің бірі жеңіл жарақат алған. Таяқ жеген үй қожайынына да дәрігерлік көмек қажет болған. «Іс мән жайын ескере отырып, Е есімді азаматты 2 ай  мерзімге күзетпен қамауға алу туралы сот қаулысы шықты» деп хабарлады Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов.