Қалалық білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

1810

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы болып Мұрат Базарқұлов тағайындалды. Бүгін қала әкімі жаңа басшыны ұжымға таныстырды. Бұған дейін Мұрат Базарқұлов мәдениет бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған. ОҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Жаңа басшыға қиын да күрделі қызметте жемісті еңбек етсін деген тілегіміз бар.