7-9 мамыр мерекесі арналған бағдарлама

1029
shymkent.gov.kz

Шымкент қалалық әкімдігі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасын ұсынады

7 МАМЫР
Сағат 10.00 – Шымкент әскери гарнизонында ашық есік күні болады. Онда әскери бөлім жауынгерлерінің тыныс-тіршілігімен танысуға болады. Салтанатты шеру, сондай-ақ мерекелік концерт те жоспарланған.
Ал, сағат 11.00-15.00 аралығында қаладағы барлық саябақта көпшілік серуендер болады.

9 МАМЫР
Шымкентте Жеңіс күнін тойлау «Мәңгілік даңқ» шеруінен басталады.
Таңғы сағат 8.00-8.45 аралығында «Мәңгілік даңқ» шеруі сап түзеп 8.45-те басталады.
Сағат 9.00 – 9.30 – Абай саябағы «Даңқ» мемориалында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі және ҰОС қаза болған ерлерді еске алу митингісі.
Сағат 9.30-да – ҰОС қатысқан оңтүсқазақстандықтардың есімі жазылған «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қою
Сағат 10:30-13:00 – ардагерлерге арнап әскери-далалық асханада дәм беру
Сағат 11.00 – Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында – «Победа без границ» Концерт-Реквием
Сағат 11:00-15:00 – қала саябақтарында мерекелік концерттер
Сағат 19:30 – Тәуелсіздік саябағында үлкен концерт басталып, 21.30-да отшашумен аяқталады.