Эксковатор 20 мың тұрғынды көгілдір отынсыз қалдырды

323

Шымкентте экскаватор 2 жарым мың үйді газсыз қалдырды. Одан бөлек коммуналдық, өндірістік кәсіпорындар да көгілдір отыннан ажыратылды. 20 мамыр күні шұғыл қызметке Тассай елдімекенінің тұрғынынан хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен апаттық бригада жер қазу жұмыстары кезінде «XCMG» маркалы трактор-экскаватордың жер асты жоғары қысымды газ құбырын зақымдағанын анықтады.

Мамандар жедел түрде газдың шығуын тоқтатқан. Тассай, Таскен, Мартөбе, Қызылсай-2, Достық шағынаудандарының бірнеше абоненті табиғи отыннан қағылған. Газ жүйелері «ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне қарамағында.

Ал 18 мамыр күні 10 көпқабатты және 64 жеке тұрғын үй экскаватор кесірінен көгілдір отынсыз қалды. Hidromek маркілі экскаватор Верещагин көшесінде қазу жұмыстарын жүргізіп, газ құбырын зақымдаған. Салдарынан 10 қабатты тұрғын үй, яғни 600 пәтер мен 164 үйдің тұрғыны газсыз қалуға мәжбүр болды.

Бұл жәйт бойынша ОҚО ІІД тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қайта қосу уақытын дәл нақты айта алмаймыз,»-дейді «ҚазтрансАймақ» мекемесінің баспасөз қызметі. Сөйтіп қасиетті Рамазан айында көгілдір отынсыз қалған тұрғындарға шыдамдылық танытуға тура келіп тұр.

Ал «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің баспасөз қызметі заңгерлердің сотқа талап арыз дайындап жатқанын айтады. «Мұндай құрылыс не жөндеу жұмыстарын жүргізбес алдында газ таратушы мекемеге хабар беріліп, келісім алуы қажет. Нақты қай аумақта газ құбырларының жүргізілгені туралы ақпаратқа ие болуы керек еді»-дейді «ҚазТрансАймақ» қызметкерлері.