«ҚазТрансГазАймақ» төлемақы көрсеткіштерін артық жазуды тоқтатпай отыр»

107

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қалалық департаменті берген мәліметке сүйенсек, бүгінде түбіртектерін алып құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған тұрғындардың қатары толастамай тұр. Арыздардың басым бөлігі «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы мамандарының іс әрекетіне қатысты. Тұтынушылар, газ мамандары төлемақы көрсеткіштерін артық жазуды тоқтатпай отыр,- дейді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне биыл жылдың басынан 40-қа жуық арыз түскен. Шағымдардың басым бөлігі «ҚазтрансгазАймақ»-тың Шымкенттегі өндірістік филиалына тиесілі. 10-ға жуық арыз қанағаттандырылса, қалғаны бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ернар Қоспаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Атап айтатын болсақ, ай сайын келіп тұратын есептер, түбіртектерде төлем ақылар көрсеткіштерін артық жазған фактілер көп. Одан бөлек, арызға жауап ала алмаймыз Қабылдауына кіру мұң дейтіндер көп».

Түбіртекте төлемдерді артық жазу фактісі бойынша былтыр тергеу тағайындалып, іс сотқа жолданды. Соттың шешімімен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Шымкенттегі өндірістік филиалына 4 млн. теңге айыппұл салынған. Алайда, аталған әрекеттер әлі де тоқтайтын түрі жоқ, оған қалалықтардан түскен шағымдар дәлел дейді департаменттегілер.

Ернар Қоспаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Бір көше емес бір шағынаудан, елдімекендер Достық, Самал-3 шағынауданынан. Жауапсыздық танытуда».

Бұл айыптарға «ҚазТрансгазАймақ» АҚ Шымкенттегі өндіріс филиалының айтары бар. Сөзінше көрсетілген барлық деректер бойынша тексеру жүргізілуде. Әрбір шағым жеке қаралады. Сонымен қатар, егер коммуналдық төлемдерге қатысты қандай да бір шағым болса, 53-42-65, 53-50-63 арқылы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандарына жүгінуге болатындығын еске саламыз.

Ал шағымды жеке айтамын деушілер, Ғани Ильяев көшесі, 24 -те орналасқан департамент ғимаратына тікелей баруына болады.

Шынар Оразова