Úı ANONS Отырар ауданында өнер фестивалі өтеді

Отырар ауданында өнер фестивалі өтеді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Отырар ауданында «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі өтеді.

Айтулы шара аясында Арыстан баб кесенесі мен Отырар төбе тарихи орны және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайы мен Руханият — Әбу Нәсір әл – Фараби музейлері, «Бестораңғы» әулиелі мекені таныстырылып, аудан өнерпаздарының гала-концерті, «Ботаны қырқынан шығару» салт-дәстүрі көрсетіледі.