Úı ANONS Отырар ауданында өрт салдарынан жеті айлық сәби көз жұмды

Отырар ауданында өрт салдарынан жеті айлық сәби көз жұмды

ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған. Өрт аумағы 6 шаршы метрді құраған. Тілсіз жауды сөндіруге ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінен 7 қызметкер, 3 дана техника жұмылдырылған.

Сондай — ақ, Отырар аудандық ІІБ — нің 4 қызметкері мен 1 дана техника тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан. Жеке тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан 2017 жылдың қыркүйегінде туған 8 айлық сәбиді күйік шалған. Нәресте ауыр күйік салдарынан көз жұмды деген ақпаратты ОҚО ТЖД баспасөз қызметі растады.