Роза Әлқожа сүйікті әншісіне ренжіп қалды

631

Роза Әлқожа сүйікті әншісіне ренжіп қалды. Отандық тв шоуда халық әнін орындаған Әбдіжаппар Әлқожаның өнерінен соң «Құдалыққа барғандай болдым» деп әнші Мейрамбек Беспаев баға берген болатын.

Бұған «ыстықтап» қалған Роза Әлқожа «Зибаш-ай» құдалықтың əні деді ғой менің сүйікті əншім. Ол – халық əні. Ол біздің бесік жырының орнына естіп өскен аяулы əніміз! Адам құдалықта жүрегіне жақын əнді орындайды!!!»-деп фейсбуктегі парақшасына жазды.

Мұндай жобаға өз басы қатысқысы келмейтінін жазған әнші қазылар алқасын да сынға алды. «Өз басым «Жекпе-жекке» қатыспаушы ем. Бəйгеге түсу үшін адамға қойылған дауыс, мықты демеуші, сəл-сəл арсыздық, азырақ қулық, сосын сынбайтын көңіл керек қой! Оның үстіне осынша уақыт өз еңбегіңмен бейнебаян түсіріп, əн жаздырып, əрең танылғанда өзі сахнада дəл жобада талап қойғандағыдай жанды дауыста əн айта алмайтындар баға беріп, кеудеңнен кері итеріп отыратын болса!»-дейді Роза Әлқожа.