Қазақстанда террористік актілер жасамақ болған радикалды топ ұсталды

537
inform.kz

25 маусым күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қаласында радикалды діни топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталды, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынды.

Көрсетілген адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.