Қонаев гүлзарындағы көп қабатты үйден өрт шықты

2018 жылғы 12 маусымда сағат 22:00 де басқару пультіне Шымкент қаласы, Қонаев гулзары бойындағы көп қабатты үйдің пәтерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнында жалпы көлемі 107 ш.м пәтерде 20 ш.м бөлмесінде героскутор және 1 ш.м палас жанған. Өрт орын алған жерден 22 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілген.

 Оқиға орнына өртке қарсы қызметінің 6 техникасы мен 22 адам  жұмылдырылған. Қызыл алау 22:12 де оқшауланып, 22:16 – да толық сөндірілген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар тіркелмеген. Өрттің шығу себептері мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда.