Úı ANONS «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны жарияланды

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен 1-12 маусым аралығында өткізілетін «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан күндері жарияланды.

Ақпараттық науқанның негізгі мақсаты — бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару болып отыр. Ақпараттық науқанның міндеті — еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-нда жариялау үшін журналистерді тарту, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру.