Ессіздер ескерткіштерді талқандап тастаған

593

Қаладағы Бәйдібек би ескерткішінің аумағындағы этносаябақта орнатылған кіші сәулеттік үлгілердің бірқатарын серуендеушілер бұзып тастаған. Әсіресе, тарихи кесенелер мен сакралды орындар кескінделген үлгілерді талқандап жіберген.

Бүгінде қала әкімдігінің ТҮКШ бөліміндегілер кіші сәулеттік үлгілерді қайта қалпына келтіріп жатыр. Бір өкініштісі, тұрғындардың демалысы үшін жасалған дүниелердің сақталуына тұрғындардың өзі немқұрайлы қарайды.

Қазір қалпына келтіру жұмысымен айналысып жатқан шеберлердің айтуынша, күндіз реттелген заттар кешкісін қайта бұзылады. Ал бюджет қаржысына салынып жатқан әсем орындарды бақылап, қауіпсіздікті сақтауға жауаптылар немен айналысатыны белгісіз…

Нұрлан Күдерұлы