Миллионер қаланың мейрамында 2 мың адам бас қосты

573
Фото Шымкент қаласы әкімдігі

Миллионер қалалардың қатарын толықтырған Шымкентте күн сайын түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Шымкенттіктер тарих парағына алтын әріптермен жазылатын сәтті ерекше етіп тойлауды жалғастыруда.

Бүгін Наурыз алаңында «Миллионмен бірге жарқырайық!» атты флэшмоб ұйымдастырылды. Өздерінің қуаныштарын бөліспекті ниет еткен 2 мыңдай қалалықтар бас қосты.

Іс-шара барысында тұрғындар бір мезетте мыңдаған қалта шамын жағып аспанға ұшырды. Табиғат та тосын мінез танытып, алай дүлей дауыл тұрып, артынша жаңбыр себелеп қоя берді. Оған найзағайдың жарқылын қосыңыз. Табиғат та миллионер қаланың мерейлі мерекесімен «құттықтап», үн қатқандай болды.

Айназ Бейімбет