ОҚО -дағы бір мектепте 40 құжатсыз бала білім алады

440

Дүние жүзінде әрбір он минут сайын құжатсыз бір бала туылады. Ал Қазақстан бойынша 6 мыңнан астам адам құжатсыз жүр. ОҚО – да 2017 жылдың қаңтарынан бері 561 құжатсыздар анықталса, оның 120 – сы балалр.

Бүгінде 203 адамның құжаты қайта қалпына келтірілді. 51 балаға да құжат рәсімделді. Бұл Біріккен Ұлттар ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы мен «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының ОҚО, Қызылорда және Жамбыл облыстарында азаматтығы жоқ тұлғаларға құқықтық көмек көрсету бірлескен жобасының нәтижесі.

«Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы бүгінгі журналистермен өткен брифингте осылай деп мәлімдеді. Ата ана, бала, немересіне дейін, үш ұрпақтың құжатсыз жүруі ОҚО – да жиі кездесетін жағдай дейді «Сана сезім» орталығының қызметкерлері. Тіпті күнгейдегі ауылдық бір мектепте 40 бала құжатсыз білім алып жатыр екен. Басты себебі, әлеуметтік мәселе. Қаржының қол байлау болуы мен құқықтық сауатсыздық, жайбарақаттық құжатсыздықтың бастауы.

Брифингке өзі ғана емес, үш баласы мен бес немересі осы уақытқа дейін құжатсыз, азаматтығы жоқ, талай мемлекеттік, әлеуметтік қолдау мен қызметтен құр қалған ана қатысып, оқиғасын әңгімелеп берді. Тағдырластарына, яғни, ұзақ уақыт құжатсыз жүрген жандарды ештеңеден қорықпай, батыл қадам жасауға шақырды.