Шымкентте полицейлер жоғалған сегіз жасар баланы тапты

224
фото Zakon.kz

Ағымдағы жылдың 22 қазанында сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің кезекші 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері кешкі сағат 18:00-де бала аулаға шығып, үйіне оралмағанын анықтады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы баланы іздестіруге тартылды. Іздеушілерге көршілер мен еріктілер қосылды.

Шамамен сағат 02:30-да полицейлер жоғалып кеткен баланы көрші ауладан тапты. Ол ойнап жүріп, қораптың ішінде ұйықтап қалған екен. Полиция қызметкерлері оны дереу үйіне жеткізді. Ата-анасы баланы іздеуге атсалысқандарға алғыстарын білдірді.