Түлкібас аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды

1315

Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотында жаңа төраға. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 18 шілде 2018 жылғы Жарлығымен Түркістан облысы, Түлкібас аудандық сотының төрағасы қызметіне Бекназаров Маратәлі Өсербайұлы тағайындалды.

М.Ө.Бекназаров  25 қаңтар 1967 жылы Өзбек ССР, Ташкент облысы Коммунистік ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің Заң факультетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Алматы қаласындағы «Мақсат» МБК Калинин филиалының директоры қызметінен бастаған. 1995 жылдан бастап Алматы облысы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінде істеген. 2001 жылдан 2002 жылдың маусым айына дейін Шымкент қаласы №2 сотының судьясы, 2002 жылдың маусым айынан 2007 жылдың мамыр айына дейін Түлкібас аудандық сотының төрағасы. 2007-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының төрағасы. 2012 жылдың шілде айынан 2017 жылдың қазан айына дейін Шымкент қаласы, Әль-Фараби аудандық сотының төрағасы. 2017 жылдың қазан айынан осы күнге дейін Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының судьясы қызметін атқарып келді.