Облыс көлемінде жыл сайын 1000-нан аса жас «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бүгінде аудан әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен Түлкібас ауданында «Жасыл ел» жастар жасағы өз жұмыстарын бастағалы отыр.
Биылғы жылы ауданның гүлденуіне, тазалығына, көгалдануына үлес қосуға жалпы саны 59 жас үлес қосқалы отыр. Жастар, бір жағынан ауданның көркеюіне ат салысса, екінші жағынан жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануда.
Жастардың еңбек етуге құлшынысы мықты. Басты мақсат – Елбасы жолдауын қолдау, жастарды жұмысқа орналастыру. Сондықтан жұмыс істеймін деген жасқа ешқандай кедергі жоқ. Қазірдің өзінде студенттермен бірге жұмыссыз жастар келіп тіркеліп жатыр. Бұл жерде жастар аса ауыр жұмыстарды атқармайды. Серіктес жұмысшыларына көмекші ретінде қол ұшын береді.
Жастардың барлығы жазғы уақытын тиімді өткізуді қалайды. «Жасыл ел» жасағындағы жұмысшы жастар арнайы киімдермен қамтылып, жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.