Автотокөлікті айдап әкеткен күдікті ұсталды

232
Фото shymkenttv.kz

Сайрам АІІБ кезекші бөліміне Қарабұлақ ауылының тұрғыны арызданды, онда ағымдағы жылдың мамыр айында белгісіз біреулер оның «ВАЗ» автокөлігін айдап кеткен. Аталған жайт Сайрам АІІБ СДТБТ-не тіркеліп, күдіктіге қатысты іздеу шараларын қабылданған.

Үш айдан кейін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам АІІБ полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Автокөлікті айдап кету жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған күдіктінің автокөлкті айдап кетудің екі жайтына қатысы бары анықталды.

Автокөлікті айдап кетушілердің құрбанына айналмас үшін, Түркістан облысының полицейлері авто иелерге сақтық шараларын қолдануды ескертеді.